Еңбеккерлер өз мәселелерімен кәсіподақтарға жүгінді

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қарағанды филиалының басшылығы ғимарат беруден бас тартуына байланысты Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде «ҚАЗАҚ КӨМІР КӘСІПОДАҚ» көміршілердің Салалық кәсіптік одағының «ПГСКО» Қарағанды облысының тау-кен құтқарушыларының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.

Қарағанды облысы тау-кен құтқарушыларының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Алексей Головчиц ұйымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы, жалақының өсуі туралы ақпараттың жоқтығы туралы, жаңадан тағайындалған директор Диханбек Сатылғановтың 2022 жылғы 21 қазандағы «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС авариялық-құтқару бөлімшелерінің құтқарушыларын аттестаттауды тағайындау туралы жаңа бұйрық шығарғаны туралы хабардар етті, бұл жаңа бұйрық бұрын осы лауазымда жұмыс істеген Геннадий Силинскийдың 2021 жылғы 14 желтоқсанда қол қойған «Құтқарушыларды аттестаттау туралы» бұйрықтың күшін жояды.

Кездесуде кәсіподақ мүшелерінің енгізген мәселелері бойынша «ҚАЗАҚ КӨМІР КӘСІПОДАҚ» көміршілердің Салалық кәсіптік одағының төрағасы Марат Миргаязов және Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков түсініктеме берді.

Шұғыл жиналыстың қорытындысы бойынша ұжым мүшелері орын алған фактілер бойынша «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-ге өтініш жасау туралы шешім қабылдады.
Кездесу барысында бірден-бір жақсы жаңалық «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы» ЖШС басшылығы жаңа ұжымдық шарттың жобасын қарау үшін жұмыс беруші тарапынан өкілдерді айқындауға ниетті екендігі туралы шұғыл хабарлама болды.