Ленин атындағы шахтадағы қайғылы оқиға

3 қарашада шамамен таңғы сағат 3:00-де Шахтинск қаласында, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтада газды бұрғылау ұңғымаларын бұрғылау кезінде кенеттен газдың шығуы орын алды.

Шахтаға «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев пен «Қорғау» көміршілер кәсіподағының бас техникалық инспекторы Андрей Лукин келді.

Бес қызметкердің қайтыс болғаны туралы хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, 106 жұмысшы эвакуацияланған.

Сондай-ақ, төрт кенші түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Андрей Панның айтуынша, қазір екі жұмысшы токсикология бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Шахтинск қаласының орталық ауруханасына тағы екі кенші жеткізілді, қазіргі уақытта профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың құрамында токсикология бөлімінің меңгерушісі, реанимация маманы және нейрохирургтер бар санитарлық авиация бригадасы сол жаққа жол тартты.

Оларды профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға ауыстыру мәселесі шешілуде.