«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ келісім комиссияларының мүшелерін оқыту өз мәресіне жетті

2022 жылғы 03 қарашада Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері  «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіпорнына барып, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ құрамына кіретін кәсіпорындардың келісу комиссияларының алпыс жеті мүшесін оқытуды өткізді.


Семинар спикерлері Павлодар қалалық сотының судьясы Ажар Баймұхамбетова, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы Марина Иванова, «Павлодар облысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті» РММ басшысы Евгений Губарев, Еңбек құқығы бойынша сарапшы Марат Қабжамитов, Павлодар облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас маманы Фарида Бейсенбаева болды.

Семинарға қатысушыларды құттықтай отырып, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Айтжанова Динара Нұржанқызы еңбек дауларын сотқа дейін уақтылы реттеу үшін келісу комиссияларының ерекше рөлін атап өтті.

«Еңбек заңнамасының негіздерін және еңбек дауларын бейбіт жолмен шешу құралдарын білу еңбек жанжалын уақтылы оқшаулауға, тараптардың консенсусына қол жеткізуге, дауды сотқа дейін және соттан тыс шешуге ықпал етеді», – деп атап өтті Д.Айтжанова.

Павлодар қалалық сотының судьясы А.Баймұхамбетова азаматтық сот ісін жүргізудегі еңбек дауларын сот практикасынан мысалдармен, азаматтық іс жүргізу және еңбек заңнамасының новеллаларымен шешудің өзекті мәселелері туралы айтып берді.

Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының басшысы М.А. Иванова келісім комиссиясының жұмысын құқықтық реттеу, жеке еңбек дауларын шешу тәртібі, келіссөздер жүргізу дағдыларын қолдану және еңбек даулары бойынша консенсусқа қол жеткізу тетігі туралы айтып берді.

Жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері спикер М.Қабжамитовтың қатысуымен тыңдаушыларды зерттеу нысанасына айналды.

Спикер Е.Губаревтің қатысуымен жасына байланысты зейнетақыны ресімдеу тәртібін және спикер Ф.Бейсенбаеваның қатысуымен қызметкерлер үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың мәнін түсіндіру келісім комиссиялары мүшелерінің құқықтық құзыреттілігін арттырды.

Келісім комиссияларының мүшелерін оқыту бойынша семинар кейстерді егжей-тегжейлі талдаудан және «Сұрақ-жауап» оқыту кезеңінен өткеннен кейін дәстүр бойынша келісу комиссиясының мүшелеріне Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес оқуды аяқтау туралы сертификаттарды тапсырумен аяқталды.

«Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің келісу комиссиялары мүшелерін жыл сайын оқытуды өткізуі құқықтық даярлық пен медиативтік құзыреттілік шеберлігінің деңгейін арттыруға, ал нәтижесінде еңбек дауларының алдын алуға ықпал етеді» – деп «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев алғысын білдірді.