Еңбеккер бейнесінде – Лось Марина Николаевна

Марина Николаевна Лось Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында 1966 жылы қызметкерлер отбасында дүниеге келген. 1983 жылы оныншы сыныпты бітіріп, Павлодар педагогикалық институтына «Математика және физика» мамандығына оқуға түсті. Оқуға түскеннен кейін ол білім беру қызметкерлері кәсіподағының мүшесі болады. 1988 жылы Шарбақты орта мектебінде педагогикалық қызметке кірісті.

Барлық кәсіподақ істеріне белсенді қатыса отырып, адал ниетпен, жан-тәнімен және әрбір оқушыға күрделі және негіз қалаушы математика ғылымын меңгеруде өз қабілеттерін ашуға көмектесуге ұмтыла отырып, Марина Николаевна мектеп педагогтары, оқушылар мен ата-аналар ұжымында сенім мен беделге ие болды. Жұмыстың бірінші жылында оның оқушысы аудандық пәндік олимпиаданың жеңімпазы болды. 2002 жылдан бастап Марина Николаевнаның оқушылары жыл сайынғы ғылыми жобалар конкурсының бірнеше мәрте жүлдегерлері болды. Уақыт талабына сай болу, өз оқушыларына қызықты болу үшін педагог өзінің құзыреттілігі мен кәсібилігімен белсенді жұмыс істейді, оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін енгізеді.

2002 жылы Марина Николаевна «Математикалық үрдістерді компьютерлік моделдеу» электронды оқулығын ұсынып, бағдарламалау бойынша облыстық сайыстың гран-приін жеңіп алды. Педагог еңбегінің жоғары кәсіби жетістіктері үшін 2004 жылы ҚР БҒМ грамотасымен марапатталды. 2007 жылы әртүрлі кәсіби конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Марина Николаевна электрондық оқулық, әдістемелік ұсынымдар, “Математикалық үдерістерді компьютерлік модельдеу” элективті курстың құрастырушысы, оқу-әдістемелік кешенін әзірлегені үшін Microsoft компаниясының грантына ие болды және Қазақстанның креативті педагогтарының республикалық съезіне шақыруды қабылдады, онда ол екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. 2007 жылы Қазақстан педагогтарының республикалық съезінде Павлодар облысы делегациясының құрамына кірді.

2012 жылдың желтоқсан айында Марина Николаевнаның еңбегі «Ерең еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталып, 2018 жылы «Білім беру ісінің кұрметті қызметкері» марапатына ие болды. Марина Николаевна қандай жұмыс атқарса да, ол ешқашан кәсіподақпен байланысын жоғалтпады. 2017 жылы ол мектептің техникалық инспекторы болып сайланды. Әсіресе қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру бойынша жұмыстарды белсенді зерттей отырып, осы тақырып бойынша арнайы оқыту өтті. Ол жүйелі түрде мектеп қызметкерлері мен оқушылардың қауіпсіздік дағдылары мен әдістеріне оқыту бойынша тренингтер мен вебинарлар ұйымдастырады. Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі» бастауыш кәсіподақ ұйымында Марина Николаевна бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Елена Даниловна Крышенамен бірлесіп, «Ветер перемен» жобасы әзірленді, облыстық кәсіподақ жобалары байқауында ол жүлделі орынға ие болды. Марина Николаевнаның әзірлеген «Цифрлық Кәсіподақ» мобильдік қосымшасы өз саласында салалық кәсіподақта бірінші болып ұсынылды және жоғары бағаланды. Бұл мектеп қызметкерлерінің заңды анықтамалық ақпаратты талап ету және облыстық ҚБ-мен ұялы байланыс орнату бойынша қойған сұрақтарына жауап іздеу уақытын қысқартады.

Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздікті арттыру және жұмыс уақытын оңтайландыру үшін ол сондай-ақ АБББ қызметкерлеріне арналған «ScherbDL», мектеп әкімшілігіне арналған «SchoolManager», оқушыларға арналған «DigitalSchool» мобильді қосымшаларын әзірледі. Барлық қосымшалар педагогикалық қоғамдастыққа республикалық жиналыстарда ұсынылған. Еңбекті қорғауда жинақталған тәжірибені Марина Николаевна 2019 жылы республикалық «Үздік техникалық инспектор» байқауында таныстырып, Гран-придің лайықты марапатына ие болды. Білім беру ұйымдарындағы техникалық инспекторлардың жұмысын қалай жетілдіру керек, оны неғұрлым тиімді ету керек – Марина Николаевна Павлодар облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының басшылығымен Павлодар облысының техникалық инспекторларымен және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің басшыларымен өткізілетін облыстық семинарларда осы және басқа да сұрақтарға жауап береді. Техникалық мүмкіндіктер еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың стандартты тәсілдерін қайта қарастыруға және байытуға мүмкіндік береді. Марина Николаевна мектептің кәсіподақ өмірі туралы бейнелер жасау үшін өзінің хоббиін жиі қолданады. М.Н. Лось жоғары жұмысқа қабілеттілікке ие, үнемі кәсіби өсуге ұмтылады. Өзіне қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асырады. Ол ішкі мәдениет, білімнің кеңдігі мен тереңдігі, ар-ожданымен ерекшеленеді. 2017 жылы ол білім магистрі академиялық дәрежесін алды. Соңғы жылдардың нәтижелері: I орын облыстық «Білім беру ұйымы басқаруындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» конкурсында «DigitalManager», «ScherbDL» мобильді қосымшалары әзірленді (2020). Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау бойынша республикалық конкурстың гран-при иегері (2020). Віlim Ustaz педагогикалық кадрларды аттестаттау мәселелері бойынша вебинар (2021). Марина Николаевна жоғары инновациялық әлеуетке ие, білім беру мекемесінің тіршілік әрекеті процесіне қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын түсінеді, ол үшін әріптестері, оқушылары және ата-аналары арасында лайықты құрмет пен беделге ие.