Саматова Ботакөз Саматқызы – ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК балалар эндокринолог-дәрігері, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс балалар эндокринологы, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының мүшесі.
Ботагөз Саматқызы 1986 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын, педиатрия факультетін бітірген. Еңбек жолын интернатураны бітіргеннен кейін 1987 жылы Павлодар қаласының № 1 балалар емханасында учаскелік педиатр ретінде бастады, кейін эндокринолог – дәрігер болып ауыстырылды, онда 2004 жылға дейін жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК соматикалық бөлімшесінің дәрігер-эндокринологы болып жұмыс істейді.
Ботагөз Саматқызы сауатты және жоғары білікті маман. Облыстың балалар эндокринологиясын дамытуға үлкен жеке үлес қосты. Ботагөз Саматқызының белсенді қатысуымен Павлодар облысында инсулиннің үздіксіз тері астына инфузия жүйесі (инсулин сорғысы) енгізілді. Үлкен жүктеме мен жұмысбастылыққа қарамастан, Ботагөз Саматқызы облыстық балалар ауруханасының жанындағы «Диабет» мектебінде балаларды оқытуға үлгереді.
Ол медициналық кадрларды даярлауға, облыстық балалар ауруханасына жұмысқа келген жас дәрігерлерді, сондай-ақ аурухананың клиникалық базасында оқитын резиденттерді оқытуға көп көңіл бөледі.
Сауатты, көп оқыған, тәжірибелі, медицинаның алдыңғы қатарында нық тұр, жаңа емдеу әдістерін енгізеді, әрбір кішкентай пациент үшін жеке жауапкершілікті сезінеді. Пациенттерге мейірімді және жанашыр, мақсатқа жету үшін қызметкерлерге талапшыл.
Өзінің барлық еңбек жолы үшін Ботагөз Саматқызы аурухана әкімшілігінің, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің наградаларымен марапатталды.
2017 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2022 жылы «Мемлекеттік қызмет» саласындағы «ҚР үздік 100 маманы – 2022» республикалық байқауында жеңіске жеткені үшін бірінші дәрежелі дипломмен және Алғыс хатпен марапатталды.