Павлодарда ауыл шаруашылығының үздік өкілдері марапатталды

Естай атындағы мәдениет сарайында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнінің кәсіби мерекесіне орай өңірдің ауыл шаруашылығының үздік өкілдері марапатталды.

Агроөнеркәсіптік сектор қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, Павлодар облысының әкімі А.Сқақов оларға қажырлы еңбектері үшін алғыс айтты. Ауыл шаруашылығының үздік қызметкерлеріне облыс әкімінің марапаттары, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.


Павлодар облысының Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін үшінші, екінші және бірінші дәрежелі дипломдармен Баянауыл, Ақтоғай және Май аудандары марапатталды.

«Мамандығы бойынша үздік қызметкер» байқауының жеңімпаздары естелік дипломдармен марапатталды.

«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалының төрағасы П.Сурма егіншілік пен мал шаруашылығының озаттарын, ауыл шаруашылығы ардагерлерін салалық кәсіподақ наградаларымен: белгілермен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Ауылшаруашылық машиналары мен ауылшаруашылық өнімдерінің ұйымдастырылған көрмесі көптеген шаруа қожалықтарының басшыларын заманауи техниканың жаңалығымен және ауылшаруашылық өнімдерінің алуан түрлілігімен қызықтырды.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін мерекелеуге арналған концерттік бағдарламамен мерекелік іс-шара аяқталды.