Қызылорда облыстық Статистика департаменті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлзира Есқараеваға салалық деңгейде өткен «Үздік ұжымдық шарт -2022» республикалық байқауының ІІІ дәрежелі дипломы мен 30000 теңге қаржылай сертификат табысталса, салалық кәсіподақтың кәсіподақ көшбасшылары мен үздік әлеуметтік әріптестерге берілетін жоғары наградасы – «Кәсіподақ қайраткері» медалімен департамент басшысы Мәриям Баекеева марапатталды.
8 қараша – ҚР Статистикасының күні аталып өтеді. Осыған орай ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінде мерекелік шара өтті. Шараға қатысқан «Қызмет» салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева департамент қызметкерлері – кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтап, сала қызметкерлерінің күнделікті тәжірибелері мен атқарған жұмыстары арқылы еліміздің дамуына, өркендеуіне қосқан үлестерін, салалық кәсіподақ құрамындағы үлкен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бірі әрі 35 жылдан астам кәсіподақтан қол үзбеген, белсенді кәсіподақ ұйымы екенін атап өтті.
Салалық кәсіподақтың Үздіктері қатарынан табылған бастауыш ұйымның бірқатар кәсіподақ мүшелері де мерекелік марапаттарға ие болды. «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен департамент басшысының орынбасары Сәуле Рысмаханова, Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрмет грамотасымен Жаңақорған статистика бөлімінің бас маманы Нұрлан Орынбаев, Облыстық салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен департаменттің статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің басшысы Ирина Ан марапатталды.
Сонымен қатар, шара барысында департамент қызметкерлері Баян Медетова мен Алтын Мұсаеваға зейнетке шығуларына байланысты құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталды.