ҚРКФ делегациясы Еңбек академиясында тұрақты даму саласы бойынша оқудан өтуде

Сейсенбі күні, 22 қараша күні Әзірбайжан астанасы Бакуде тұрақты даму саласындағы «Тұрақты даму саласындағы кәсіподақтардың саясаты мен іс-әрекеті» атты субаймақтық Еңбек академиясы өз жұмысын бастады. Тренингке қатысушылардың арасында Қазақстан, Әзірбайжан, Молдова және Өзбекстан делегациялары болды. Оқытуды Халықаралық еңбек ұйымының Халықаралық оқу орталығы ұйымдастырады.

Академияға қатысушылардың қатарында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері: ҚРКФ Төрағасының орынбасары Г.А.Жұмагелдиева, ҚРКФ департаментінің басшысы С.К.Кенжеболат, салалық кәсіподақтардың төрағалары Х.Ш.Есенғазин, А.Г.Әбішев, салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Г.А.Мұраталиева, Павлодар облысы АКБ өкілі М.А.Иванова.

Тренинг қатысушыларының алдында ACTRAV/ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия бөлімінің басшысы Сергеюс Гловацкас сөз сөйледі. Ол бұрын бейнебайланыс арқылы өткізілген семинар-тренингтер офлайн форматта жалғасатынын атап өтті.

Өз кезегінде ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша бюросының еңбеккерлер жөніндегі аға маманы Гоча Александрия өз сөзінде: «Әлем ондаған жылдар бойы тұрақты ғана емес, сонымен қатар әділетті болуы керек», – деп атап өтті.

Тренингке қатысушылар тұрақты даму мақсаттарын қарастырды, жасыл, қауіпсіз және жақсы болашақ құруды және «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» 8 ТДМ іске асыруға кәсіподақтарды тартуды қамтитын 2030 дейінгі кезеңдегі күн тәртібін талқылады. Олар «Менің елімдегі тұрақты даму» болжау секциясына да қатысты.

Тренингтер сериясының біріншісі халықаралық сарапшылар Эвелин Тот пен Татьяна Шабурованың қатысуымен интерактивті сессиялармен аяқталды.

ҚРКФ медиаорталығы