Әзірбайжан астанасы Бакуде «Тұрақты даму саласындағы кәсіподақтардың саясаты мен іс-әрекеттері» атты тұрақты даму саласындағы субаймақтық Еңбек академиясы өз жұмысын жалғастыруда. Оқыту семинарлары мен тренингтерге Қазақстан, Әзірбайжан, Молдова және Өзбекстан ұлттық кәсіподақ орталықтарының өкілдері қатысуда.
Сәрсенбіде, 23 қарашада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева білім беру бағдарламасына қатысушыларға «ТДМ мәселелері бойынша кәсіподақ қозғалысының Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара іс-қимылы» атты мемлекеттік көрсетілімді ұсынды.
«Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға міндеттеме алған мемлекет ретінде жаһандық мақсаттарға табысты қол жеткізуге өз үлесін қосып, барлық салада белсенді жұмыс істеуде. «Халық», «ғаламшар», «өркендеу», «бейбітшілік», «әріптестік» бағыттары бойынша бес жұмыс тобы құрылды. Ағымдағы жылдың шілде айында БҰҰ Жоғары деңгейдегі саяси форумы аясында Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша екінші ерікті ұлттық шолуды ұсынды», – деді Гүлнар Жұмагелдиева.
ҚРКФ Төрағасының орынбасары Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүше ұйымдарының Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы қызметіне егжей-тегжейлі тоқталды.
Сондай-ақ Әзірбайжан, Молдова және Өзбекстан делегациялары өз елдерінің көрсетілімдерін өткізді.
ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша кеңсесінің бас маманы Гоча Александрия халықаралық тренингке қатысушылармен әділ экономика мен қоғам үшін еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің негізгі аспектілерімен бөлісті. Халықаралық сарапшы Эвелин Тот «Кәсіподақтардың болашағы және ТДМ қолдаудағы жастар әрекеті» атты баяндама жасады.
Тренингтің екінші күнінің соңында делегациялар «5 және 10 ТДМ – теңдікті қамтамасыз ету» атты үшінші интерактивті сессияда өз пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Еске салайық, Академияға қатысушылардың қатарында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері: ҚРКФ Төрағасының орынбасары Г.А.Жұмагелдиева, ҚРКФ департаментінің басшысы С.К.Кенжеболат, салалық кәсіподақтардың төрағалары Х.Ш.Есенғазин, А.Г.Әбішев, салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Г.А.Мұраталиева, Павлодар облысы АКБ өкілі М.А.Иванова.
Ұлттық кәсіподақ орталықтарының өкілдерін оқытуды ХЕҰ Халықаралық оқу орталығы ұйымдастырады.
Медиацентр Федерации профсоюзов РК