ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия ұйымдастырған “Қазақстанның дамуының жаңа кезеңіндегі отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат” тақырыбында Халықаралық ғылыми конференциясына Ақтөбелік еңбекші әйелдер комиссиясы өкілдері де қатысты.
Конференцияға, сондай-ақ, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Балаева, ғылым және жоғары білім министрі Н.Саясат, БҰҰ, ЮНИСЕФ және ЮНФПА өкілдері, қоғамдағы белсенді әйелдер қатысты.
Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігі, Қазақстанның демографиялық дамуы, репродуктивті денсаулық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, гендерлік теңдік мәселелері қаралды.Өкінішке орай, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері Қазақстан үшін өте өзекті болып табылады.
Сондықтан қазіргі уақытта қоғамда әйелдер мен балаларға қарсы құқық бұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” атмосферасын құру бойынша шаралар қабылданатын болады.