«Кәсіподақ жастары» айдарында – Орал қалалық эстептикалық бағыттағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибраймова Әдемі Дарханқызы.
Әдемі Дарханқызы БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылында дүниеге келген, мектепті үздік бітірген жеткіншек 2014 жылы Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университең филология факультетіне оқуға түсіп 2018 жылы «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмәмдайды. Әрі қарай білімін шыңдау мақсатында Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінің магистратурасын бітірген.
Бүгінгі таңда кейіпкеріміз өңіріміздің белді білім беру ұйымдарының бірінде өз қызметін атқаруда. Озық білім беру технологиялары мен Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин сынды ұстаздардан қалған дәстүрлі білім беру үлгісін бойына сіңірген жас маман-бала жүрегіне ерекше жол таба білетіндігмен оқушылар мен ата-аналар арасында үлкен абыройға ие. Әріптестері арасында сыйлы ұстаздың шәкірттері қала, облыс деңгейіндегі жобалар мен пәндік олимпиадалар жүлдегерлері.
Сонымен қатар, Әдемі Дарханқызы бастауыш кәсіподақ ұйымының белді мүшесі, ұжымдастарының мүддесін қорғап, әлеуметтік маңызы бар жобалардың барлығына атсалысады.