Кәсіподақ өкілдері балаларға қуаныш сыйлады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған балалар жылы аясында Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесі Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымымен және әлеуметтік серіктес – «Green brunch» отбасылық мейрамханасымен ерекшеліктері бар балалар үшін «Эмоциялар мен бақытты сәттер күні!» атты қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды.

Демалыс күні «Green brunch» мейрамханасында балалар мен олардың ата-аналарына арналған мерекелік түскі ас және креативті қуыршақтары бар жарқын шоу-бағдарламасы ұйымдастырылды.


Сонымен қатар, мерекелік кездесуде балаларға ұйымдастырушылардан тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар сыйға тартылды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Әлеуметтік әріптестік жылы Аймира Баграмова білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық ұйымының төрайымының атынан қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін «Green brunch» отбасылық мейрамханасының әкімшілігі Гванца Чхенкелиге алғыс хат табыс етті.

Қызықты демалыс күнінің соңында қатысушылар жылы көңілді жағдайда ұйымдастырылған отбасылық мереке және дәмді тағамдар үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.