Ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шаралар аталып өтті.

Ауыл шаруашылығы күніне орай Ақтоғай ауданының әкімдігі керемет мерекелік іс-шара өткізді, сөз кезегі Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуоваға, аудандық мәслихаттың хатшысы Рашид Бегілікұлына берілді, құттықтау сөз «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Дархан Ізбасарұлына берілді. Сөз кезегінде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін көп жылғы адал еңбегі, кәсібилігінің жоғары деңгейі және жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін, сондай-ақ кәсіподақтардағы әлеуметтік-еңбекті қорғау жөніндегі белсенді қоғамдық жұмысы үшін өндіріс озаттарын құттықтады.


Мереке қарсаңында кәсіподақ мүшелері «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің «Елеулі еңбегі үшін» медалімен, «Еңбек даңқы» I,II,III дәрежелі төс белгілерімен, Құрмет грамоталарымен сонымен қатар «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.