Әр жеткен жетістігін “алған алғыстарымның жемісі” деп біліп, әр жанға шынайы жаны ашып, көмек қолын соза отырып, адамгершілікті ақ пейілімен бірінші орынға қойып жүрген жандардың бірі әрі бірегейі Налибаева Налбике Ермашқызының елеулі еңбегі зор құрметке ие.
Налибаева Налбике Ермашқызы 1961 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түмен-Арық ауылында дүниеге келген. 1968-1978 жылдар аралығында ауылдағы «Горняк» орыс мектебінде орта мектепті бітірген. 1979-86 жылдары Жамбыл технологиялық институтының Алматы филиалы сыра шарап жасау жөніндегі инженер-технолог мамандығы бойынша тамамдаған. Диплом бойынша, «Құйылмалы шарап» зауытында цех шебері болып жұмыс істейді.
«Қыз мұраты кету», – дегендей, жылдар ағымымен тұрмыс құрады. Отбасы жағдайы бойынша жұмыс орнын Қарағайлы аулының кітапханасына ауыстырады. 1988-2004 жылдары аралығында осы кітапханада істейді. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесік тербеткен әйел заты, мемлекеттік жұмыспен бірге, ана атану бақытына ие болады. Төрт баланы тәрбиелеп, өсіреді.
2006-2012 жылдары шығыс асханасында аспаз болып істеген кездері болды деп еске алады.
Налбике Налибаева «Қызмет» салалық бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі, сондай-ақ, 2014 жылдан бастап Наурызбай ауданы әкімшілігінде «Жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге үйге қызмет көрсету» бөлімінде қызмет атқарып келеді. Жұмысын сүйіп істейтін жандардың бірі. Бірлігі жарасқан ұжымда істеу өзіне ұнайды. Бүгінге дейін істеген жылдар ішінде түрлі мақтау қағаздар мен грамоталармен марапатталып, басшылардың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қызметкерлердің бірі.
2021 қыркүйектен бастап зейнетке шығып кетсе де, еңбегін жалғастырып келеді. Өз сөзінде: «Маған қарап отырған ұнамайды, бір адамды риза қылып, бір жаннан ықылас-бата алсам соның өзі маған бітірген үлкен істерімнің бірі болмақ», – дейді.