Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оның ұйымдастырушылары Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының кәсіподақ активі болды.
Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрес күнінен бастап, 2022 жылғы 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін бастауыш кәсіподақ ұйымдарында, қалалық ұйымдарда, аудандық кәсіподақ филиалдарында осы маңызды әлеуметтік мәселеге жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған дөңгелек үстелдер, кездесулер, тақырыптық кітап көрмелері, жалпыға бірдей құқықтық оқыту отырыстары, пікірталастар өтуде.
Дөңгелек үстелге кәсіподақ жетекшілері, Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының, халыққа әлеуметтік көмек көрсету орталықтарының өкілдері белсенді қатысты.
Іс-шараның мақсаты – әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелері туралы хабардарлықты арттыру.
Өзекті мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының тең төрайымы, Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина, Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Алмагүл Ракишева, Қарағанды облысы кооперация және кәсіпкерлік қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының төрайымы Вера Бородина, облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Әйелдер істері жөніндегі комиссиясының төрайымы Маргарита Бикмұхаметова, Қарағанды қаласының «Жақсылық әлемі» орталығының басшысы Татьяна Абрамова, Қарағанды қаласы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Әсел Жапарова, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор, полицияның аға лейтенанты Айнұр Жанел, Теміртау қаласы «Менің үйім» даму және әлеуметтік қорғау орталығы» ҚБ заңгері Светлана Гаркуша, «Қорғау – Астана» филиалының басшысы Даяна Қазиева өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.
Барлық спикерлер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және әйелдер мен қыздардың мүдделерін қорғау жөніндегі күш-жігерді жандандыру тақырыбында өз ұстанымдарын білдірді.
Қатысушылар зорлық-зомбылықсыз қоғам құруда ынтымақ білдіріп, қызғылт сары түсті шарфтар киді. Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар облыс орталығының орталық көшелеріне шығып, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары» ақпараттық буклеттерін таратты.