Комиссия төрайымы Мухтарита Сағындықова қазіргі таңда Кәсіподақтар федерациясының тарапынан еңбекші әйелдердің еңбек құқығы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту бағыттында қолға алынған шаралармен кеңінен таныстырды. Сондай-ақ, отбасында әйелдерге қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу, тұрмыстық зомбылық көрген аналарға психологиялық, әлеуметтік құқықтық кеңес пен жан-жақты қолдау бағыттындағы жұмыстарға тоқталып, әйелдердің әлеуметтік жағдайы кәсіподақтардың назарында екенін жеткізді.
Шараға қатысушы кәсіподақ мушелері Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры А.Қасанғалиеваға, Ақтөбе облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі өкіл А.Байдуллинаға зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату, қолданылып жатқан шаралардың тиімділігі, балабақшаларға баланы қабылдау уақытын өзгерту туралы бірқатар сауалдар қойылды.
Шараны қорытындылай келе, Мухтарита Сағындықова зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілерге көмек көрсету мақсатында кәсіподақ тарапынан арнаулы мекемелердің жұмысы мен қызметін бұқара халыққа жеткізу шараларының аясын кеңейту, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, ана мен баланы қорғау және тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған бірлескен шараларды жүзеге асыруда, өзара жүйелі іс-қимыл мен конструктивті ынтымақтастықты қамтамассыз ету мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Гулжан Маханова мен Ішкі істер департаментінің жергілікті Полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының инспекторы , полиция майоры Акгүл Қасанғалиева мен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Шара барысында қатысушыларға буклеттер таратылып, бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.