Шымкент қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестр әртісі Ендибаева Баян Ержигитовна Шымкент қаласында туылған.
1983-1988ж.ж. Шымкент музыка училищесі Үрмелі аспаб мамандығын игеріп шықты.
1995-2000ж.ж. Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет педагогика институтында флейта, әртіс көркем оркестр-жетекші, оқытушы мамандығын меңгеріп шықты.
1988 жылы Жетысай қаласы, Қ.Жандарбеков атындағы драма театрында симфониялық оркестрде жұмыс жасады. Мақтарал ауданының бірқатар қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, 1993 жылы оқу орнының халық аспаптар оркестірінің «Таңшолпан» фальклорлық-этнографиялық ансамблінің мүшесі болды.
Қазіргі таңда Шымкент қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестр әртісі болып жұмыс атқарып келеді.
2013 жылы Облыстың мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Грамотасымен, 2013 жылы «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, 2019 жылы «Жетісай қаласына 50 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды. 2022 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Баян Ержігітқызы талантты, өз мамандығын жете меңгерген, әріптестер алдында ерекше беделге ие болған жан. Музыка саласында жүріп жинаған тәжірибесі тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға үлгі.