Білім саласының үздіктері марапатталды

Павлодар қаласында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің КЕАҚ 60 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға ардагерлер, оқытушылар мен студенттер, ғылыми мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, ЖОО түлектері, жақын және алыс шет елдердің ғалымдары қатысты.

Жоғары білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін университеттің үздік қызметкерлері марапатталды.


Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде өткен «Заманауи жағдайда Қазақстандағы педагогикалық білім беруді модернизациялау: теориялық және қолданбалы аспектілері» атты халықаралық конференция университеттің мерейтойы бағдарламасының басты оқиғасы болды.

Конференцияға Түркия, Литва, АҚШ және ТМД елдерінен және Қазақстанның жоғары оқу орындарынан мұғалімдерді оқыту саласындағы жетекші ғалымдар қатысты.

Конференцияның пленарлық бөлімінде салалық кәсіподақ төрағасы Г.Науразбаева құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстандық салалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Мұқашева атынан университет ұжымына 500 000 теңгелік сертификат табыс етті. Басқарма төрағасы, Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жылбаев «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Марапаттау рәсімі білім беру мекемесінің қызметкерлеріне Қазақстандық салалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамоталарын, «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарын тапсырумен жалғасты.