«Қорғау» көмір өндірушілерінің және «Жақтау» металлургтерінің кәсіподақтары мен «Өркен Атасу» ЖШС, «Құрылысмет» ЖШС және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әкімшілігі арасындағы бір айға созылған келіссөздер өз мәресіне жетті.
Келіссөздерге Қарағанды облысының жаңа әкімі Ермағанбет Бөлекпаев толыққанды атсалысты.
Нәтижесінде еңбеккерлерге лайықты жалақыға қол жеткізді, ал компанияның жаңа басшылығына сенім артылды.