Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері еңбек қатынастары мәселелерін сөз етті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Қасымбек Хаметов Мақтаарал ауданының «Жаңа жол әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қасымбек Хаметов қатысушыларға: «Жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіруде «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясының маңызы зор. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасу мен еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға мүмкіндік беретінін айтты. Бұл міндеттердің орындалуы кәсіподақ ұйымының белсенділігі мен әртүрлі деңгейдегі кәсіподақ органдарының жұмыла жұмыс істеуіне байланысты», – деді.

Сондай-ақ, кездесуде кәсіподақ мүшелері әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Кездесу соңында бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері аталмыш шаралардың жиі болуына тілек білдірді.