“Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” халықаралық акциясы аясында бірқатар кездесулер өтті

Шымкент қаласында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында филиал төрағасы Серік Әуесхановтың қатысуымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында 2022 жылғы желтоқсан айының бірінші онкүндігінде 6 мекемеде кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де, Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінде кездесулер өтті.

Кездесу барысында кәсіподақ мүшелерінің жағдайымен танысып, мекемелердегі еңбек қатынастарына байланысты мәселелерге назар аударып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.