Кәсіподақ өкілдері ашық есік күнін өткізді

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтары нормасын түсіндіру мақсатында және мамандардан қажетті тақырыптық кеңес алу үшін кәсіподақ мүшелеріне арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған шарада облыстық кәсіптік одақтың құқықтық инспекторлары, Қарағанды облысының кәсіподақтар орталығының, Қазыбек би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, Еңбек инспекциясы басқармасының, «БЖЗҚ» АҚ өкілдері кәсіподақ мүшелерінің әртүрлі сұрақтарына жауап берді.

Облыстың қалалары мен аудандарынан келген білім және ғылым мекемелерінің қызметкерлері мамандардан білікті жауаптар алып, осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұруға өтініш білдірді.