Кәсіподақ төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін марапатталды

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты. Отырыста Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Комиссия жұмысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы Шаттық Өтеев, қала кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау Кеңесінің төрағасы Мелес Сейтжанов, Комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ қоғам және бизнес өкілдері қатысты.

Өңір басшысы қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Педагогтер мен дәрігерлерді жұмысқа орналастыру кезінде мектептер мен ауруханалар басшылығымен тікелей байланыстар жойылды, конкурстан тыс жер беру практикасы тоқтатылды, ӘКК пәтерлерін өткізу тәртібі өзгертілді, бірқатар құқықтық актілерді өзгерту бойынша орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізілді, сондай-ақ әкімдіктің бейінді мекемелеріне тұрғын үй беру тәсілдерін қайта қарау, жаңа бизнес-идеяларға гранттар беру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, мемлекеттік сатып алу кезеңдерінің ашықтығы және т. б. салалар бойынша нақты ұсыныстар енгізілді.

Сессия соңында қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды. Құрметке ие болған АКБ төрағасы да салтанатты түрде марапатталды.