Бастауыш кәсіподақ ұйымы өз мерейтойын атап өтті

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Б.Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Білім ордасының мерекесіне арналған “Самғатқан сан қыранды алтын ұям” атты салтанатты шараға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы А.Серімбетов, аудандық кәсіподақ көшбасшысы З.Бекетов, білім бөлімінің басшысы Б.Сейілханов, мектеп ұстаздары, ардагерлер мен түлектер қатысты.


Жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы талай түлектің шамын жағып, үлкен өмірге жолдама берді. Қарашаңырақтан қанат қаққан шәкірттер бүгінде қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп жүр.

Мерекелік шарада сөз алған меймандар мектеп ұжымын мерейтоймен құттықтап, марапаттарын табыс етті. Білім бөлімінің басшысы Б.Сейілханов мектеп аудан әкімі мен білім бөлімінің құттықтауын жеткізді. Мектеп ұжымына облыстық және аудандық кәсіподақтар есебінен қаржылай қолдау көрсетіліп, шипажайға жолдама сыйға тартылды.