16 желтоқсан – Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі салтанатты іс-шара өткізді. Мемлекеттік мереке әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие.
Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты іс-шарада бір жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша табысты кәсіподақ көшбасшылары марапатталды. Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова кәсіподақ қозғалысының белсенділеріне құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты рәсімде кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Пфейфер Нелли Эмилевна марапатталды, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің Құрмет грамотасымен «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрағасы Мирас Сержанұлы Хамитов, «Елеулі еңбегі үшін» ведомстволық кәсіподақ медалімен «Павлодар облысы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалының маманы Қарашаш Қанат Жантемірұлы кәсіподақ ардагері марапатталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамоталарымен «Средэнергомонтаж» ЖШС инженер-технологы Конев Андрей Николаевич, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас мамандары Әубәкіров Әділхан Қайроллаұлы және Шомбаева Диана Бекжанқызы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының алғыс хатымен фотограф Құсайынов Әлішер Тілектесұлы, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының бас бухгалтері Сейлгазина Сабина Мақсұтқызы марапатталды.
Іс-шараға қатысушылар 60 жылдығымен «Тотал сервис» жергілікті қызметкерлер кәсіподағы» ҚБ кәсіподақ ұйымының бұрынғы төрағасы Ризабек Мұхитұлы Ибраевты құттықтады. Қазақстан Республикасы федерациясы төрағасының атынан оған «Еңбек озаты» медалі табысталды.
Төрайым Д.Айтжанова барлық марапатталғандарға кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан белсенді үлесі үшін алғыс айтып, еңбек ұжымдарына амандық пен табыс тіледі.