ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай бірқатар кәсіподақ белсенділері Қазақстан Республикасы төрағасының және салалық кәсіподақ ұйымдары республикалық қоғамдық бірлестіктері төрағаларының мерекелік медальдарымен, Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Кәсіподақтың белді өкілдері бас қосқан салтанатты марапаттау шарасына «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төраға орынбасары Сұлтан Қалиев қатысып, марапаттарды табыстады.
Сұлтан Есімұлы жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтай келе, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Халықаралық еңбек конфедерациясына мүшелігінің қалпына келтірілгендігін атап өтіп, бүгінгі таңда жеткен бірқатар жетістіктерге тоқталды.
«Кәсіподаққа білікті кадрлар, мықты құрылым мен тексерілген тәсілдер қажет. Ол үшін жаһандық тәжірибе аса маңызды рөл атқарады», – деді.
Аталмыш шаралар кәсіподақ мүшелеріне үлкен серпіліс беріп, жылдан-жылға жақсы нәтиже көрсетіп, белесенділігін арттыруға ынталандырады.