Кәсіподақ мүшелерінің балаларына арналған жаңа жылдық койылым өтті

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Алматы қалалық “Ұстаз” жергілікті кәсіптік одағы қалыптасқан дәстүр бойынша Мемлекеттік Алматы циркінде кәсіподақ мүшелерінің балаларына арналған жаңа жылдық койылым өткізді.

Жаңа жылдық койылымға кәсіподақ мүшелерінің 3560 баласы қатысты. Қойылым соңында тәтті сыйлықтар берілді. Ұйымдастырушыларға білім беру ұйымдары кәсіптік одағының мүшелерінен алғыс сөздері айтылды.