«Парыз-2022» республикалық байқауының қатысушыларына құрмет көрсетілді

Павлодарда әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия жұмысының қорытындысы шығарылды.


Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.Гладышева арнайы номинациялар бойынша белгіленген «Парыз-2022» республикалық байқауына қатысқан тоғыз кәсіпорынның өкілдеріне Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Алғыс хаттарын табыс етті.

«Парыз» республикалық байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысады. Жыл сайын Павлодар лайықты нәтижелер көрсетіп келеді. Келе жатқан Жаңа жыл бизнеске сәттілік пен жаңа жетістіктер әкелсін!», – деп марапатталғандарды Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.Гладышева құттықтады.

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқау бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және енгізуге бағытталған.