baq.kz: “Кәсіподақтар федерациясы елдегі әлеуметтік-еңбек қатынастарды жетілдіру бастамаларын көтерді”

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин елдегі әлеуметтік-еңбек қатынастарды жетілдіру бастамаларын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының еліміздегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын жетілдіру және еңбек дауларының алдын алу бойынша алдағы шаралар туралы бастамаларымен ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин таныстырды.

Дәулеталин көп жылдар бойғы ең өзекті мәселе еңбеккер мен жұмыс беруші арасындағы кірістер мен шығыстарды қайта бөлудің әділетсіз жүйесі екенін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын, ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру және сән-салтанатқа салынатын салықты енгізу жөніндегі ерікті бастамасы жағдайды өзгертудің жарқын мысалы. Осыған байланысты ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесін қабылдау, «Дамушы елдерді ерекше ескеру арқылы ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» ХЕҰ-ның №131 Конвенциясын ратификациялау, жұмыс берушілердің жалақыны жыл сайынғы индексациялау бойынша міндеттемелерін заңнамалық тұрғыдан бекіту бойынша мәселелерді шешуді жеделдету қажет деп санаймыз, – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Оның айтуынша, бұл шешімдер әрбір кәсіпорындағы кірістерді бөлу жүйесін өзгертуге мүмкіндік береді. КФ төрағасы мемлекет әрбір кәсіпорында тәртіптің сақталуын қадағалайтын бақылаушы ретінде әрекет ете алмайтынын атап өтті. Бұл қоғамдық бақылау саласында кәсіподақтардың құқықтарын кеңейту қажет дегенді білдіреді.

Сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторларының санын айтарлықтай арттыру арқылы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту маңызды.

ҚРКФ төрағасы атап өткендей, кәсіподақтар үшін елдегі әлеуметтік шиеленістің төмендемейтінін растайтын фактілер ерекше алаңдаушылық тудғызады.

Кәсіподақтар мен жұмыскерлер ешқашан әлеуметтік шиеленістің көзі болған емес және болып табылмайтынын жауапкершілікпен айтқым келеді. Дау-дамайлардың қайнар көздері жұмыскерлердің құқықтарының бұзылуы, олардың табысының жағдайы, бұл барлық салада жүйелі проблемалардың бар екендігін көрсетеді. Кәсіподақтар федерациясы еңбек заңнамасына жұмыскерлердің талаптарын қою және еңбек дауларын шешу рәсімдерін жеңілдету, оның ішінде кәсіпорынның кәсіподағына бұл құқықты беру, келісім комиссиясын немесе еңбек арбитражын құрудан бас тартқаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту және қызметкерлердің талаптарын қарау бойынша келіссөздер жүргізу бөлімдеріне қатысты өзгертулер енгізу жөніндегі ұсыныстарымызды қайта қарауды қажет деп санайды, – деді ол алқа отырысында.

Бұл шаралар жағдайдың наразылық сипатын құқықтық алаңдағы келіссөздер үдерістерінің негізгі ағымына бағыттауға мүмкіндік береді.

https://baq.kz/kasipodaqtar-federatsiyasy-eldegi-aleumettik-enbek-qatynastardy-zhetildiru-bastamalaryn-koterdi-295524/