Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Шымкент – ортақ үйіміз» деген ұстаныммен «#Жұмыла көтерген жүк жеңіл» челленджін жалғастыруға шақырған үндеуіне «Акмаль» жеке кәсіпкері де қолдау көрсетті.
Шым қаланың қатты аязды күндерінде қаланың көшелерін тазалаумен айналысып жатқан 50-ге жуық коммуналдық сала қызметкерлеріне көше бойындағы жұмыс басында ыстық тамақ пен шайын беріп, олардың жылынуына жағдай жасауға атсалысты.
Көше бойында жүрек жалғау жасап алған коммуналдық саланың қызметкерлері әрі қарай қаланың тазалық жұмыстарына қайта кірісті.