2022 жылы Астана қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру аясында 350 жоба мақұлданды. Оның ішінде жастарға – 204, халықтың әлеуметтік осал топтарына – 146 мемлекеттік грант берілді.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар Ұлттық жобаға қатысушыларға тек ғана бір рет өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Комиссияның іріктеуінен өткен қатысушылардың ашатын кәсібіне қарай, тиісті қаржы Республикалық бюджет туралы заңға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде белгіленген.
Айта кетерлігі, биылғы жылы да «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілді.