Әлеуметтік әріптестік – қызметкердің еңбек құқығын тиімді қорғау кепілі

Қызметін қайта ұйымдастыруға байланысты штат бірлігін қысқартудың заңдылығы туралы туындаған мәселелерге байланысты өтініш беруші, Павлодар қаласының көлік кәсіпорындарының бірінің қызметкері Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваға қабылдауға жүгінді.

Павлодар қаласының әкімі мен Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында еңбек дауларының алдын алу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық, оларды сотқа талап арызбен жүгінбей Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуласу орталығында тез арада шешу туралы меморандум қабылданған.

Осы мақсатта қабылдау Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова мен татуластыру орталығының басшысы М.Иванованың қатысуымен Одақтар үйінде жалғасты.

Өтініш берушінің әңгімесінен ол 12 жастағы кәмелетке толмаған қызын және 1 топтағы мүгедек ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отырғаны айтылды. Кәсіпорында бір мамандық бойынша 24 жыл жұмыс істеді, осы уақыт ішінде ешқандай тәртіптік жаза алған жоқ, еңбек міндеттерін өте жақсы орындады. Оған штат бірлігінің қысқаруына байланысты алдағы босату туралы хабарлама берілді. Қазіргі уақытта ол ауырып жатыр, жұмыстағы жағдайдың белгісіздігіне байланысты денсаулық жағдайы нашарлады. Отбасында ол жалғыз асыраушы.
Өтініш берушіге құқықтық қолдау көрсетілді, еңбек дауын соттан тыс реттеу үшін медиация рәсімін жүргізу ұсынылды.