Салауатты өмір салтын насихаттау және ұстаздардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен мұғалімдері арасында шаңғы тебуден жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа 19 білім ордасынан 150 педагог қатысты. Мұғалімдер таза ауада шаңғы теуіп, бір сергіп қалды.
Сайыс қорытындысы бойынша №3 Хромтау орта мектебінің шаңғышылар командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын №2 Хромтау гимназиясының командасына берілді. Үшінші орынды №5 Хромтау гимназиясының командасы иеленді.
Барлық жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің және кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды. Кәсіподақ тарапынан жүлдегерлерге қаржылай қолдау көрсетілді.