qazaqstan.tv: “Еңбек қатынастарын қайта қарау ұсынылды”

Еңбеккерлер, жұмыс берушілер және мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас қайта қарауды қажет етеді. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өткен әлеуметтік әріптестер форумында айтылды. Ұйым өкілдерінің пікірінше, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің қызметін реттейтін жаңа стратегиялық құжат әзірленуі тиіс. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия қызметінің тиімділігін арттыру керектігі де, осы жиында айтылды. Бұл – еңбек адамын құрметтеу қағидатына негізделуі шарт.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

Осы 30 жылда қалыптасқан қоғамдық шарттың тиімділігі, тиімсіздігі бізге анық болды баршамызға. Оны қазіргі таңда біз өзгертуіміз керек. Оның ең бірінші бағыты жаңа қоғамдық шарттың ең бірінші бағыты әділетті еңбек қатынастарын қалыптастыру, оның ішінде еңбек адамы деген құрметті алға бастыру.

https://qazaqstan.tv/news/170655/