Түркияның Анталия қаласында өткен IV Халықаралық Түркі әлемнің білім және әлеуметтік ғылымдар бойынша конгресіне қазақстандық салалық кәсіподақ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, конгресс барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ажар Ислямованың мақаласы жарияланды.
Осы орайда Ажар Ислямова қоғамдағы ұстаз рөлінің өзектілігін айқындайтын, мұғалім мәртебесін жоғарлатуда өз үлесін қосып жүрген Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы мен Шығыс Қазақстан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағына өз разышылығын білдірді.