“Қызмет” салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының құрамы толығуда.
Ақтөбеде еңбек ұжымдарында кәсіподақтың еңбек адамы үшін тиімділігі насихатталып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде облыстық филиал жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен толықтырылды.
Атап айтқанда, “Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” ММ қарасты “Урбанистика орталығы” КММ мен “Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ, “Бақытты отбасы “КММ. Осы мекемелерде жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды. Аталған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен филиал төрайымы М.Сағындықова кездесіп, ұжымдық шарт арқылы қарастырылатын қосымша әлеуметтік кепілдемелер жөнінде кеңес берді.