Орал қалалық №50 жалпы орта білім беретін мектебінде қалалық білім беру бөлімінің технология, бейнелеу өнері әдіскері Нұрбану Ракишованың ұйымдастыруымен көркем еңбек және графика мұғалімдері арасында «Хай-тек» стилінде заманауи интерьердегі бөлме макеті байқауы өткізілді.
Байқау БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының қолдауымен өтті.
Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес байқау өткізудегі мақсат – мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, тәжірибе алмасуына бағыт-бағдар беру, ақпараттық технологияларды пайдаланып, шығармашылықпен жұмыстануына қолдау көрсету, жаңа форматтағы оқу бағдарламаларын шығармашылық жұмыстарға пайдаланудағы шеберлігін анықтау және тың тақырыптардың тәжірибемен байланысуы.
Қазылар алқасының әділ шешімімен «үздік» деп танылған жұмыстар жоғары бағаланып, жүлделі орындарға ие болды.
БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалы атынан маман Айнур Таутенова байқауды ұйымдастырушылар мен байқауға қатысушы мұғалімдерді құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Барлық қатысушылар қалалық білім беру бөлімі және қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының дипломдары, алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.