Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, ұстаздар барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. Әр баланың жүрегіне ерекше жылулық нұрын сеуiп жүрген аяулы ұстаздардың бiрi Тұрынбет Гүлмира Тасполатқызы.
Гүлмира Тасполатқызы 1966 жылы 3 ақпанда киелi Түркiстан қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Әл Фараби атындағы орта мектептi бiтiрiп, Түркiстан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищесiне “Мектепке дейiнгi тәрбие” мамандығы бойынша оқуға түседi. Ары қарай осы мамандықты жетiлдiру мақсатында “Дарын” әлеуметтiк гуманитарлық институтына “Бастауыш оқыту әдiстемесi” мамандығы бойынша сырттай оқуға түстi.
1984 жылдан Пионерлер үйiнде “Аға пионер вожатый” болып жұмыс атқарды. 1985-1992 жыл аралығында “Петушок” бала-бақшасында тәрбиешi болып жұмыс жасады. 1993 жылдан бастап Ж.Едiлбаев атындағы №18 мектеп гимназиясына ауысып, осы уакытта дейiн бастауыш сынып пән мұғалiмi болып жұмыс атқаруда.
2019-2020 оқу жылынан бастап ұжымда кәсiподақ төрайымы етiп сайланды. Өз жұмысына адал, бiлiм саласында үзбей еңбек етiп жүрген Гүлмира Тасболатқызының жеткен жетiстiктерi көп. Атап айтар болсақ, 1995 жылы “Жыл мұғалiмi”, 2018 жылы “Жылдың үздік мұғалiмi”, сондай-ақ, PIRLS халықаралық зерттеулер аясында, Республикалық байқауларда марапатталған. Республикалық “Бастауыш сыныпта математика пәнiн оқыту” сынды бiрнеше авторлық бағдарламалары жарыққа шығып тарқатылған.
Гүлмира Тасполатқызы – өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнаған бiлiктi ұстаз. Шын мәнінде кемелді ұрпақ тәрбиелеуді өмірлік мақсат-мұраты санайтын, өзгелерге өнер-білім үйрете жүріп, өзі де үйрене жүретін сегіз қырлы, бір сырлы жан.