qazaqstan.tv: “Оңтүстік Қазақстандағы оқытушылар бір күндік жалақысын Түркияға аударады”

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары Түркиядағы зілзаладан зардап шеккен аймақтарға бір күндік жалақысын аударады. Кәсіподақ ұйымының осы бастамасын бүгін ұстаздар қауымы бірауыздан қолдады. Университетте 700-ге жуық қызметкер болса, соның 600-ден астамы кәсіподақ ұйымының мүшесі. Жиналған қаржы табиғат апатына байланысты ашылған есепшотқа аударылмақ. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті бірнеше жылдан бері Түркиядағы Анкара және Гази университеттерімен стратегиялық әріптес болып келеді. Сондай-ақ жыл сайын 10 шақты қазақстандық студент пен магистрант академиялық ұтқырылық бағдарламасы аясында түркиялық жоғары оқу орындарында білім алады.

МӘДИ БЕСБАЕВ, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жинаған қаржымыз кішкентай тамшы болуы мүмкін. Бірақ сол арқылы өзіміздің түрік халқына, бауырлас елге ниетімізді, көңілімізді білдіріп жатқан жайымыз бар. 

https://qazaqstan.tv/news/171170/