Гамалий Лариса Николаевна 1963 жылы Целиноград қаласында туған. Целиноград Тұтынушылар одағының коооперативтік техникумын тәмамдап, түрлі салада еңбек еткен. 2018 жылдан бері елордадағы №30 «Қайнар» балабақшасының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Л.Гамалий ұжымда еңбек тәртібін сақтау және нығайтуға әрқашан жіті көңіл бөледі. Барлық жаңашылдықты еңбек тәжірибесіне енгізеді. Ағымдағы жағдайды талдап, туындаған мәселелерге дұрыс, орынды шешім қабылдай алады. Өзінің қызметтік міндеттерін нақты орындап, жұмысқа жауапкершілікпен қарайды. Кәсіподақ жұмысын ұйымдастыруға белсене атсалысады. Әріптестері оның ұқыпты, жігерлі, кәсіби қабілеттілігін оң бағалап, құрметтейді.
Өткен жылы Л.Гамалий Астана қаласының білі беру қызметкерлерінің кәсіподағының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мақсатында өткізген «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауында III орынды иемденді. Бұған дейін еңбегі еленіп, Астана қаласы әкімдігінің «Құрмет» грамотасымен, Астана қаласының білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған.