ҚРКФ «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Павлодар магистральдық желі филиалы» Екібастұз жол дистанциясының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.
Онлайн кездесуге «Қазкөліккәсіп» салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Оразғали Ахметбаев, Павлодар облысының кәсіподақ орталығының төрағасы Динара Айтжанова және «Қазкөліккәсіп» ҚБ Павлодар филиалының төрағасы Рафаил Сабаров қатысты.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы «Қазкөліккәсіп» ҚБ Павлодар филиалының құрамына кіреді.
Отырысқа қатысушыларды таныстыра отырып, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ҚРКФ басшылығының бастауыш кәсіподақ ұйымдары өкілдерімен кездесулерін өткізу туралы бастамасының маңыздылығын атап өтті.
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы кәсіподақ мүшелерінің, әлеуметтік әріптестердің және барлық мүдделі тұлғалардың Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының басшылығымен тікелей диалогын ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін республиканың барлық аумағында өткізіледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Павлодар магистральдық желі филиалы» Екібастұз жол дистанциясының бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ жұмысының орасан жемісті тәжірибесін жинақтады, әлеуметтік әріптестік тетігі тиімді жұмыс істейді», – деп атап өтті Динара Айтжанова.
Екібастұз жол дистанциясы кәсіподақ комитеті 1986 жылы құрылған. Кәсіподақ мүшелерінің саны бүгінде 630 адамды құрайды. Павлодар бөлімшесінің теміржолшылары арасында үлкен тарихы мен дәстүрі бар жол дистанциясы кәсіподақ комитеті бүгінде өңірдегі белсенді кәсіподақ ұйымдарының бірі болып табылады.
Жол дистанциясы кәсіподақ комитетінің төрағасы Садуақасов Марат Сәулебекұлы, теміржол саласында еңбек өтілі – 25 жыл, оның ішінде кәсіподақ қызметінде – 15 жыл.
Марат Садуақасов лайықты еңбек жағдайын жасау бойынша кәсіподақ комитетінің жұмысы, өндірістік кеңес құрамындағы техникалық еңбек инспекторларының жұмысы, ұжымдық шартты әзірлеу және қабылдау, еңбек ардагерлері мен жастарға қолдау көрсету, сондай-ақ, еңбеккерлерге қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер беру бойынша кәсіподақ комитетінің жұмысына тоқталды.
Бастауыш ұйым жұмысының негізгі бағыттарының бірі еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлармен жүзеге асырылатын қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылау болып табылады.
«Ең басында көрсетілген және ондаған жылдар бойы өзгермеген жұмыстың басты мақсаты – еңбекшілердің құқығын қорғау», – деп атап өтті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Павлодар магистральдық желі филиалы» Екібастұз жол дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік шаралары жөніндегі жетекші инженері Свистунова Зарина Равильевна қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісті.
«Біздің кәсіпорында ең бастысы – әрбір қызметкердің денсаулығын сақтау және қауіпті факторлардың әсерінен қорғау. Кәсіподақпен бірлесе отырып, техникалық инспекция өз жұмысын жоспарлайды, түсіндіру жұмыстарын, оқытуды, өндірістік кеңестің жұмысын жүргізеді. Соңғы бес жылда біз жарақат алудың нөлдік көрсеткіштеріне қол жеткіздік», – деп қорытындылады Зарина Свистунова.
Отырыс барысында кәсіподақ мүшелерін толғандыратын мәселелер көтеріліп, кәсіби қызметі жоғары қауіп-қатерге байланысты жекелеген мамандықтардағы жұмыскерлердің зейнеткерлік жасын қысқарту мәселесі көтерілді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева жиынды қорытындылай келе, кәсіподақ ұйымының тиімді жұмысын, сындарлы әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қызметін атап өтті.
«Бүгінгі таңда біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып, техникалық инспекторлардың мәртебесін көтеру, оларға заңнамалық деңгейде өкілеттік беру мәселелерін пысықтап жатырмыз. Кәсіподақтар федерациясы ҚРКФ қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы еңбекақыға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, зейнет жасын қысқартуға және басқа да өзекті аспектілерге қатысты түйткілді мәселелерді айтты. Кәсіподақтар федерациясы 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялады, өйткені, өкінішке қарай, жағдай әлі өзгермегенін көріп отырмыз – жыл сайын өндірісте 200-ге жуық адам қаза тауып, 2 мыңнан астам жұмыскер жарақат алады. Біз бұл тақырыпты барлық платформаларда, соның ішінде әлеуметтік әріптестермен де көтеруді жалғастырамыз. Қазіргі уақытта Федерация Ұлттық еңбекті қорғау шолуына ұсыныстар дайындауда, сонымен қатар, біз 2025 жылға дейінгі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тұжырымдамасын әзірлеуге қатысудамыз. Біз еңбекті қорғау саласындағы тәсілдерді қайта қарау қажеттілігі туралы сұрақтар қойдық, еңбеккер мен жұмыс беруші арасындағы жауапкершілік дәрежесін қолдану және басқа да мәселелер бар», – деді ҚРКФ төрағасының орынбасары.
Ол, сондай-ақ, ҚРКФ кәсіподақ және еңбек заңнамасын өзгерту бойынша бастамалары және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының халықаралық кәсіподақ қозғалысына қатысуы туралы айтты.
Жиын соңында Гүлнара Жұмагелдиева «Қазкөліккәсіп» кәсіподақ ұйымының өкілдеріне Еңбек адамының құқығын қорғау мүддесі жолында үйлесімді және біртұтас жұмысы үшін алғысын білдірді.