Ардагерлерге құрмет көрсетілді

2023 жылғы 15 ақпан күні Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуына 34 жыл болды. Осыған орай салалық кәсіподақтың Қостанай облыстық филиалының мүшелері осы күнге арналған іс-шараларды өткізуге белсене қатысты.

Облыс аудандарында, қалаларда, ауылдарда ардагерлер, Ауғанстан жерінде қаза тапқандардың отбасы мүшелері, достары, туыстары, қоғамдық қозғалыс өкілдері, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері жиналып, қаза тапқандарды, үйіне жараланып, тірі қайтқандардың ерлігін еске алды. Қостанай облысының әр ауданында, облыс орталығында Ауған соғысында қаза тапқандардың мемориалы, ескерткіші, обелискі бар. Метроном дыбысымен барлық қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ардагер интернационалист жауынгерлер өз сөздерінде батырлықпен қаза тапқан достарын еске алып, жас ұрпаққа тілектер айтты. Қаза тапқандардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, қатысушылар мәдениет үйлерінде болатын концерттерге шақырылды, әртістер сол жылдардағы әндер, би нөмірлерін дайындады, ауған ардагерлеріне құрмет грамоталары, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, спорт жарыстары өткізілді. Лисаков қаласында үстел теннисінен турнир өткізілді, оған “Қызмет” салалық кәсіподағының мүшелері қатысты.

Салалық кәсіподақ белсенділері Ауған соғысынан оралмаған қаза тапқандардың отбасыларына барып, жауынгерлердің туған-туысқандарына сыйлықтар табыс етіп, халықаралық борышын адал атқарған сарбаздарды еске алды.