Ресей теміржолшылары мен көлік құрылысшылары кәсіподағы (РОСПРОФЖЕЛ) мен Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіподағы (ҚАЗКӨЛІККӘСІП) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Қостанай қаласында достық кездесу өтті. Іс-шара барысында “ҚАЗКӨЛІККӘСІП” “ООТЖ ЖКТЖ” спорт командасын арнайы шақырып, 2023 жылғы 14-16 ақпан аралығында волейбол бойынша жолдастық матч өтті.
Ойын Тобыл қаласындағы “Астана” спорт кешенінің алаңында өтті. 3-0 есебімен ООТЖ ЖКТЖ командасы жеңіске жетті.