Ұстаз есімі ұлықталды

«Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер», – деген екен қазақтың белгілі жазушысы Жүсіпбек Аймауытов. Еліміздің мәртебесін биікке көтеріп, болашаққа деген үміт шамын өшірмейтін жастарды тәрбиелеп, шынықтырып, білімнің биік шыңына қондыратын ұстаздардың есімін ұлықтауды міндеті санайтын Ұлытау облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Сәтбаев қалалық филиалы Сәкен Шәріпұлы Жолдыбаевтың құрметіне волейбол турнирін өткізді.


Шәкірт жүрегін жол таба білген Сәкен Шәріпұлы саналы ғұмырында өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарынан етуге көп тер төгіп, талай чемпиондарды баптаған. Мектептің баскетбол, волейбол, футбол командаларын шебер ұйымдастырып, биіктерден көрінуге аянбай еңбек ете білді. Дәстүрлі қалалық турнирдің ашылуына Сәтбаев қаласының білім бөлімінің басшысы Берік Ақышбеков, кәсіподақ көшбасшысы Гульнар Ильясова, ардагер ұстазы Сәкен Шәріпұлының замандасы Сайранбек Жакупов, білім бөлімінің әдіскері Эльмира Сайдалина сөз алды.

Ойын Абай атындағы № 4 мектеп-лицейінің командасы І орын, Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі командасы ІІ орын, №16 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары ІІІ орын иегері атанды.

«Сәкен Сейфуллин гимназиясы» КММ ,«Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназия» КММ, «Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, №3, 5, 14, 7, 25, 27 мектеп мұғалімдері белсене қатысқаны үшін марапатталды. Сонымен қатар, Думан Байнин “Үздік ойыншы”, Біржан Мұқанов Біржан “Үздік үйлестіруші”, Мади Досанов “Үздік қорғаушы”, Жандос Касымбеков “Үздік шабуылдаушы” аталымы бойынша мадақталды.