«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова каратэден КСРО, Еуропа және әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әшім Қалиді мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтады.
Спорт үздігіне алғыс хат пен сыйлық табыс етілді. Даңқты спортшыны өзі қызмет ететін №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде самбодан Қазақстан мен Қырғызстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Асылбек Құлмағамбетов, мектеп директоры Сәндібек Ахетов құттықтады.
«Тәуелсіз еліміздің мерейін көтеріп, арайлы Ақтөбе өңірінің спортын дамыту үшін аянбай еңбек етіп, өзіңіздің еңбекқорлығыңыз бен іскерлігіңіз нәтижесінде көп игі іс тындырдыңыз. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін», – деп атап өтті салалық кәсіподақтың Ақтөбе филиалының төрайымы Н.Табылдинова.