Өз ісінің үздігі

Тулекова Алия Кенжеғазықызы Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы мәдени-педагогикалық институтын 1992 жылы тәмәмдады. Қолына диплом алған уыздай жас қыз жас маман болып, Ақтөбедегі облыстық жасөспірімдер кітапханасына кітапханашы болып орналасады. Сол сәттен-ақ ізденімпаздығымен көзге түскен жас маман болашағынан көп үміт күттірді.

Кітапханашылар біліктілігін арттыру курстарына қатысып, жыл сайын білім жаңартып отырды. Заманауи технологияларды да жақсы меңгерді. Сол еңбегінің арқасында бөлім меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді. Бүгінде Әлия Кенжеғазықызы “Кітапхана ісінің үздігі”, “Кітапхана ісінің шебері “, “Қазақстанның құрметті кітапханашысы” атты бірнеше төсбелгінің иегері. Өз ісінің білгірі, ізденімпаз Әлия Кенжеғазықызы бүгінде еңбекқорлығы мен жаңашылдығы нәтижесінде көпке үлгі. Ол үнемі ізденісте. Бар білгенін жастарға үйретеді. Бастауыш кәсіпода ұйымының мүшесі ретінде көптеген мәдени іс -шараларға белсенді қатысып, қоғамдық жұмыстарға өз үлесін қосады Кітапханашы болу сабырлылық, төзімділік ,тиянақтылықты талап етеді.

Қашанда өзінен кейінгі жастарға қолдау білдіріп отыратын Әлия Кенжеғазықызы ақ жарқын мінез иесі, әріптестері арасында үлкен құрметке бөленуге лайықты адам.