Кәсіподақ өкілдері нәзік жандыларды мерекесімен құттықтады

Жетісу құрылыс-техникалық колледжінен жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарттар үйінің тұрғындарына концерттік бағдарламаны орындап, «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасының міндетін атқарушы Бахтияр Уалиханұлы бастауыш кәсіподақ ұйымындағы әйелдер қауымын Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасы, салалық кәсіподақ пен аумақтық кәсіподақ бірлестігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттап, гүл шоқтарын беріп, құрмет көрсетті.


Жастардың қойылымдары үлкен кісілердің көңілінен шығып, көрермендер қуана әртүрлі әндер айтып, билерін билеп ата-апалардың көңілдерін көтерді.

«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Алма Мұханғалиқызы студенттерге алғыс айтып, ыстық тілектерін білдірді.