Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев аймақтың кәсіподақ қозғалысындағы белсенді көшбасшы әйелдерін 8 Наурыз – Әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
«Қоғам дамуында, елдің өркендеуінде әйелдер қауымының рөлі орасан зор. Әр салада еңбек ете жүріп, отбасының ұйытқысы, бала тәрбиесінің қайнар көзі болып жүрсіздер. Облыс тұрғындарының жартысына жуығы әйелдер үлесіне тиесілі. Аймақтағы кәсіподақ белсенділерінің де үлкен бөлігін әйелдер құрайды. Көктемнің жайдары мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын, еңбек адамының мүддесі жолында жасап жүрген жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық, шаттық-береке тілеймін», – деп құттықтау лебізін білдірді кәсіподақ төрағасы.