Кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетілді

Күннің шуағы төгілген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Сәтбаев қалалық кәсіподағы өзінің мүшесі болып табылатын бірде-бір нәзікжанды ілтипатсыз қалмады. Жасын да, жасамысын да ұмыт қалдырмаған бастауыш кәсіподақ ұйымдары түрлі шараларға мұрындық болды.


Әннен шашу шашылып, мың бұралған би мен күмбірлеген күй сәнін кіргізген мерекелік кездесулерде кәсіподақтың белсенділері, білім саласының үздіктері Құрмет грамотасымен марапатталып, естелік сыйлықтармен еленді. Ардагер ұстаздар төрге шығарылып, сый-қүрметке тағы бөленді.