2023 жылдың наурыз айында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері арасында «Серіктес» кәсіподағының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінің арасында «Боулинг» ойынынан турнир өткізілді.
Жарыста 5 қатысушыдан тұратын 12 команда өзара бақ сынасты. Турнир жоғары деңгейде өтті. Барлық командалар жақсы ойын көрсете білді.
Бас жүлдені 1-ЭТА (электр тарату ауданы) командасы иеленді, 2-3 орынды Әкімшілік-шаруашылық қызметы және Диагностика басқармасы командалары алды. «Жеңіске деген ерік жігері үшін» номинациясында Жедел диспетчерлік басқармасы командасы марапатталды.
Жеңімпаздарға боулинг ойынына сертификаттар берілді. Барлық қатысушыларға 24-ші сәуірде болатын Бауыржан Орда жеке шығармашылық кешіне арналған билеттер табыс етілді. Жанкүйерлер мен ойынға қатысқан барлық қызметкерлерге «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ алғыс білдірді.